42 500 теңге: 700 мың қазақстандық SMS-хабарлама алды

879

0

700 мың қазақстандық 42 500 теңге көлеміндегі төлемді проактив тағайындау үшін SMS-хабарлама алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай кезінде төлем алған азаматтарға, олардың қызметі осы жылдың шілде айында шектеулерге ұшырауы әбден мүмкін екенін, сондықтан төлемді проактивті тағайындау үшін кірісті жоғалту фактісін растау үшін SMS-хабарлама жіберілетінін айтты.

«Біз төлемдерді проактив форматта тағайындауды қарастырамыз. Біз қызметі шектелген болса, соңғы рет төлем алған азаматтардан SMS арқылы табысын жоғалту фактісін растауды сұраймыз. Оң жауап пен проактивті түрде тағайындауға келісім болған жағдайда, төлемдер өтінішсіз тағайындалады. Олардың порталдарға өтініш беруінің қажеті жоқ, олар өз мәртебесін одан әрі қадағалай алады», – деген министрі.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов төлемдерді тағайындау үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 17 шілдесінде басталатынын хабарлады. Порталдар мен telegram боттар бүгін күннің екінші жартысында іске қосылады.

Мына арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

– egov.kz – «электрондық үкіметтің» веб-порталы;
– 42500.enbek.kz порталы;
– «Электрондық үкімет» telegram-bot-ы;
– Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
– екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантин шараларының енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүзеге асырылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<