Облыста әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан азаматтардың еміне әлеуметтік төлем төлеуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов баяндады.
COVID-19 вирусынан емдеу шараларының барлық шығындары тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен өтеледі. Бұдан басқа, денсаулық сақтау басқармасы басшысы және аймақтың ірі медициналық ұйымдарының қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырылды. Жиында қызмет көрсетушілердің қаржылық-экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты мәселелер талқыланып, вируспен күресіп жатқан 14 клиникаға қосымша қаржы төленетін болды. Ал наурыз айынан бастап ПЦР тестпен айналысатын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 21 нысанға қаржы берілді, – деді филиал директоры.
Қазіргі таңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры байланыс орталығының жұмысын күшейте түсті. Орталық аптаның барлық күнінде тәулік бойына жұмыс істейді. Азаматтар байланыс нөміріне хабарласып, сапасыз көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне шағым түсіре алады. Әр шағым бойынша тиісті тексеру жүргізіледі. Кемшіліктер анықталған жағдайда оған жол берген ұйымға тиісті жаза тағайындалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<