5 млн балық дернәсілі жіберілді

790

0

Жаңақорған ауданында көл-тауарлы балық шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер сазанның 5 млн дернәсілін жергілікті атқарушы органдар мен инспекция мамандарының қатысуымен тоғанға жіберді.

–  2015 жылы балық шаруашылығымен айналысу мақсатында «Аружан» жеке кәсіпкерлігін аштық. Екі жылдан бері тауарлы мақсатта балық өсірумен айналысып келеміз. Былтыр 2300 келі тауарлы балық өсірдік. «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» аясында биылдан бастап вейс аппараттарында уылдырықтарды шайқау арқылы дернәсілдер шығарудамыз. Алғашқы 5 млн шамасындағы сазан балығының  дернәсілін тоғанға жібердік, – дейді жеке кәсіпкер Орынбек Жүсіпбекұлы.

Кәсіпкердің айтуынша, балық өсіруге арналған 3 тоған бар. Соның бірінде аталық және аналық балықтар жіберіліп, табиғи жолмен көбейтілуде. Екінші тоғанға сазан  дернәсілдерін жіберсе, үшінші тоғанға ауа температурасына қарай дөңмаңдай және ақ амур балығының дернәсілдерін жіберу жоспарланған.

«СБ» ақпарат