Байқоңыр қаласындағы жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын көрді.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15 372,6 шаршы метрді құрайды.
Аймақ басшысы мердігер компанияға пәтерлерді уақытында тапсырып, жұмысты сапалы орындау керектігін қаперге салды.
Айта кетейік, Байқоңырда 2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға берілген.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<