500-ге жуық кәсіпорын 18,3 мың жұмыскерге жалақы төлемеген

707

0

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, республиканың 460 кәсіпорнында 18,3 мың жұмыскерге 1,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы төленбегені анықталған. Мемлекеттік еңбек инспекторлары аталған кәсіпорындардың басшыларына 315 ұйғарым беріп, 41,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салған.

«Қабылданған шаралар, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17 мыңнан астам қызметкердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,78 млрд теңге жалақы төленді. Жалпы, ағымдағы жылғы қаңтар-маусым айларында мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,9 мың тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 3 мың фактісін анықтады және 91,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді ведомстводан.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<