№56 референдум учаскесінің аумағына «Этноауыл» тігілді

5

0

Әйтеке би кентіндегі Оқушылар үйінде орналасқан №56 референдум учаскесінде тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.

Наурызнама онкүндігі аясында учаске маңында арнайы «Этноауыл» ұйымдастырылып, ұлттық дәстүрлер кеңінен насихатталды. Этноауылда алтыбақан орнатылып, келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйланды. Дауыс беруге келген тұрғындарға наурыз көже мен қазақтың ұлттық сусындары ұсынылды, қонақжайлықтың ұлттық үлгісі көрсетілді.

Сонымен қатар, жыршы-термешілер өнерлерін ортаға салып, қариялар мен ақ жаулықты аналар елдің амандығын тілеп, жастарды бірлікке және ел болашағына бей-жай қарамауға шақырды.