6802 отбасы егін еккен

619

0

         Сыр диқандары еңбеккештік пен шыдамдылықтың арқасында саланың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Соның нәтижесінде, жыл сайын ел қамбасына астық молынан құйылып, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғаюда.

− Өткен 10 айда ауыл шаруашылығы саласында 161,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 100,1%-ға артып отыр. Оның ішінде,өсімдік шаруашылығы бойынша 107 920,6 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 51 798 млн. теңгеніңөнімі өндірілді.Жалпы биылғы жылы облыс диқандары 188,5 мың гектар жерге егін екті.Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 78,6 мыңгектарды құрап, бүгінгі күні күріштің әр гектарынан 56,7 центнерден өнім алды, − дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы

Талғат Дүйсебаев.

         Кейінгі жылдары аймақта су тапшылығы мәселесі өзекті. Сырдария өзеніндегі су тапшылығының алдын алу үшін биыл Үкімет резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға нақты елді мекендерге 114насос қондырғысы жеткізілген. Сондай-ақ егіс алқаптарына су жеткізу үшін  45ұңғыма бұрғыланып 16 каналды тазалаған.

         Мамандар су тапшы болған соң 5 мың гектар күріш алқабын қысқартып, күріштің орнына суды аз қажет ететін малазықтық дақылдар мен картоп, көкөніс, бақша дақылдарын еккен. Нәтижесінде егіс көлемі 7,3 мың гектарға ұлғайтылған.

         Аймақ шаруалары биыл 1945 гектар жүгері, 189 гектар соя, 358 гектар қант құмайы, 3,5 гектар қант қызылшасын еккен. 

         Жыл басында облыс әкімі тұрғындар өздерін әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамту үшін қолдау көрсетуді тапсырған. Басқарма тиісті іс-шараларды қолға алып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда 1433 гектар қосымша жер дайындалған. Ол алқапқа 6802 отбасы егін еккен. Бұл қадам азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

         Күрделі жағдайларға қарамастан Сыр диқандары егілген дақылдарды агротехникалық талаптарға сайкүтіп-баптап, егін жинау науқанын сәтті аяқтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<