«7 миллионды бір аптада жаратып тастадым»: Дина Төреәлі қаржы сауатының жоқ екенін жасырмады

149

0

Фото: ашық дереккөз

Белгілі блогер Дина Төреәлі қаржы сауатының жоқ болғаны үшін ақшасын басқара алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы 7 миллион теңгені бір уақытта жаратып тастағанын айтты. 

“Маған сыйлыққа берген көлікті сатып жібергенмін. Содан түскен 7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым. Негізі күліп айтатын нәрсе емес. Ол кезде жаспын. Қаржылық сауаттылық 0 болды. Осы жерде адамның жағдайы да маңызды ғой. Адам егерде 200 мың теңгені дұрыс басқара алмаса, оған миллиондар қайдан келсін», – деп жазды блогер. 

Сонымен қатар желі жұлдызы 3 миллион теңге қарызға кіргенін де айтып берді. 

“Алға мақсат қойсам қайтпайтын әдетім бар. Тәуекел етуден қорықпаймын. Сол кезде де тәуекел етіп, балалар киімі дүкенін ашқанмын. Ағамның қыздарын модель етіп, суретке түсіретінмін. Бір қызықты естеліктер. Есіме түссе жүрегім жылып қалады. Өкінбеймін. Үлкен сабақ алдым. Сонымен бұл кәсібіме ойым да дайын болмаған. Бірден 3 млн теңгеге минусқа кеттім. Күйзеліске түсіп кетпеу үшін Аллаға тәуекел ете білуім құтқарды», – деді Дина.

Еске салайық, Дина Төреәлі 17 жасында алғашқы миллион теңгені қалай тапқанын айтып бергенін жазған едік. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<