707 оқушы КВИ жұқтырған

652

0

2021 жылдың басынан бері Алматыда 707 оқушы КВИ жұқтырған. Мұндай ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасы таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма хабарлағандай, оффлайн режімде білім беріп жатқан мектептерде КВИ анықталған жағдайда сыныптар немесе мектеп карантинге инкубациялық мерзім біткенше жабылады. «Алматы қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес 2021 оқу жылының басынан бастап 707 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 110 оқушы оффлайн режімде білім алса, 597 оқушы қашықтан оқыған. 80 пайызында оқушылар вирусты үйіндегі туысқандардан жұқтырған» деді басқармадан. Білім басқармасы ресми жауабында көрсеткендей, эпидемиологиялық ахуалға байланысты балалардың денсаулығын сақтау мақсатында қалада 205 мектеп қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. «Көлсай мен Сұлусай елді мекендеріндегі оқушылар саны аз № 194 және 197 мектептерде оқыту штаттық режімде жүріп жатыр. Барлық мектептер санитарлық құралдармен қамтылған» дейді ведомство. Қазір Алматыда 153 мемлекеттік мектепте 1 425 кезекші сынып ашылған. Онда 1-5 сынып аралығындағы 19 528 оқушы білім алып жатыр. 189 мемлекеттік мектепте 9-11 сыныптарға арналған 1856 топта 23 510 оқушы білім алып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<