8 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде күн аяз болады

925

0

«Қазгидромет» РМК 8 қаңтар күніне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де Солтүстік антициклон жотасының ықпалында болады және аязды, қар, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде түнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<