8 жасар қыз Қазақстан азаматтығын алды

991

0

Түркістан облысында 8 жасар қыз Қазақстан Республикасының азаматтығын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өтінішпен келген. Әйелдің айтуынша, ол 2013 жылы отбасымен Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген.

Содан ҚР азаматтығын алу үшін құжаттарын 2013 жылдың соңында өткізген.

Алайда құжаттарды қарау мерзімінде 2014 жылдың басында босанып, осы аралықта жаңа туған сәбидің құжатында ата-анасы өзбекстандық деп жазылып кеткен.

Мұны байқамаған ата-анасы бірнеше жылдан кейін Өзбекстанға өтуге арналған құжатты дайындау кезінде ғана жағдайды білген.

Сондықтан келестік полицейлерге өтініш жасап, 8 жасар қызына қазақстандық деген анықтама беруді сұрайды.

Тұрғынның өтініші бойынша Келес АПБ көші-қон қызметі тобының инспекторы полиция майоры Гүлжан Құралбекова жұмыс жүргізеді. «ҚР азаматтығы туралы» Заңының 22-бабына сәйкес, Айым Урманова есімді кішкентай қызға ҚР-ның азаматы деген тиісті анықтама берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<