9 адамды пойыз қақты

512

0

Жұма кұні Қытай елінің солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында пойыз тоғыз адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан олардың барлығы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл келеңсіз жағдай шамамен сағат 05:25-те орын алған. Пойыз Ланьчжоу мен Синьцзянді байланыстырып отырған теміржолдың Цзиньчан учаскесінде жұмыс істеп жүрген жұмысшыларды қағып кетті, деп мәлімдеді Қытай теміржол корпорациясының Ланьчжоудағы филиалынан.

Қайғылы оқиға себептері анықталуда.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<