9 наурызда нені атап өтеміз?

669

0

Бүгін – Халықаралық ди-джей күні. Бұл мейрамның басты мақсаты – қоғам назарын қайырымдылық қызметіне аудару, тек содан кейін ғана DJ-шеберлерінің еңбегінің маңыздылығын көрсету. ЮНЕСКО балаларға қайырымдылық көмек аптасын қорытындылайтын күн ретінде 2002 жылы бұл мейрамды атап өтуге рұқсат берді.

Концерттерден, түрлі іс-шаралардан түскен барлық ақша, әдетте, ірі халықаралық қайырымдылық ұйымдардың есепшотына аударылады. Мейрамның пайда болуына бүкіләлемдік DJ қоры мұрындық болған. БАҚ, шоу-бизнес жұлдыздары, музыка арналары мен ди-джейлер бұл күнді атап өтуге өз үлесін қосады.

Сондай-ақ, бүгін барша кішкентай қыздың арманы әрі сүйікті ойыншығы – Барби қуыршағының туған күні. Барби қуыршағы алғаш рет 1959 жылы 9 наурызда Нью-Йорктегі көрмеде таныстырылып, 3 долларға сатыла бастады. Ойыншық көптің көңілінен шыққаны соншалық қыздарға арналған ең үздік сыйлыққа айналды. Кейін дәл осы күн оның туған күні болып белгіленді.

         Бүгін тағы – ерекше ойлайтын адамдар күні. Түптеп келгенде, бір адамның ойы екінші бір адамның ойына мүлде ұқсамайды. Әрбірінің ой-пікірі басқаша, көзқарасы мен дүниетанымы бөлек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<