Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы

1220

0

Әрбір саналы адам еңбек істеп өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты биік, міндеті үлкен. Мемлекеттік қызметке келген әрбір азамат өзінің қоғам алдындағы, халық алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Өйткені мемлкеттік қызмет – елге, Отанға қызмет ету деген сөз. Ал осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы – ол әр мемлекеттік қызметкердің өз қызметін мінсіз істеуі. Жалпы кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында да мемлекеттік аппарат құру жолында мемлекеттік қызметкерлердің біліктігілімен қоса адамгершілігі де жоғары деңгейде болу керек. Өйткені адам қанша білімді болғанымен, өз еліне жаны ашымайтын болса, онда ол нағыз мемлекеттік қызметкер бола алмайды. Қазіргі уақытта кез-келген азамат жасына, ұлтына қарамастан мемлекеттік қызметкер бола алады, бірақ ол үшін арнайы үш сатылы сынақтардан өтуі қажет. Ол сынақтар қарапайым әріқажетті сынақтар. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің абыройы, мемлекеттің беделі. Сол себепті әр мемлекеттік қызметкердің бір қателігі немесе бір жетістігі ол мемлекеттік қызметтің абыройымен өлшенетіндігін білген жөн.

Д.Камзаев,

Қызылорда қаласының әкімшілік

құқық бұзушылықтар жөніндегі

мамандандырылған сотының

бас маманы