Электронды сот

1154

0

( сот жүйесіндегі сервистер)

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев халыққа жолдауында «Цифландыру  барлық  реформалардың  негізгі  элементі». Цифрландыру – бұл сән үрдісі емес, ұлттық  бәсекеге  қабылеттілікке  қол жеткізудің  басты  құралы  екендігін атап  көрсетті.

Сот жүйесінде  жаңа технологияларды қолдану  аясы  кеңейіп, ақпараттық  сервистерді  және  оларды   пайдалану  механизмдері  күн өткен сайын  жетілдіріліп жатыр.

        Сот  жүйесі  жұмысын  оңтайландыру,  сот төрелігін жеңілдету мақсатында  «Сот кабинеті»  сервисі  іске  қосылды. Бұл сервис азаматтардың  арыз-шағымдарын қашықтықтан  беруіне  және  сот процесіне қатысушылардың  іс  жүргізу кезінде қабылданған  сот  актілерімен және басқа  да  қажетті  ақпараттармен  танысуға  мүмкіндік береді.

Барлық соттарда 2015 жылдан бері «Төрелік» ақпараттық жүйесі жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, әкімшілік істер мен шағымдардың барлығы «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде қабылданып, сот процесіне қатысушыларға СМС хабарлама жолдау және оларды электрондық пошта арқылы хабардар ету жүйесі, «Сот құжаттарымен таныстыру» сервисі, «Істерді қарау тізімі» сервисі, «Сот кабинеті» сервисі, «Сотқа шақыру қағазы» сервисі және азаматтар «QR code» арқылы сот қызметтеріне қол жеткізу іс – шаралары жүзеге асырылуда.

         Сонымен бірге,  бұрын азаматтың жеке қатысуы қажет болса, енді қазір жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сотқа қашықтықтан қатысаға болады.

         Осы бағытта Қызылорда қаласының әкімшілік  құқық  бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот коронавирус  пандемиясы  басталғаннан бастап барлық  әкімшілік істер мен шағымдар қашықтықтан  Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының «SMART СОТ» деген жоба төңірегінде жүзеге асырылады. Бұл жоба төңірегінде сот тарапынан іске қатысушылар сот процесіне келе алмаған жағдайда және қашықтықтан «ZOOM»,  «Ватсап»  және басқа да цифрлық платформалар арқылы интернет байланыс  жүйелері  арқылы  қаралуда.

Жоғарыда көрсетілген электронды ақпараттық технологиялар халыктың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, тағайындалған сот отырысын өткізіп алмай, уақытылы қатысуға септігін тигізеді, сот жүйесінің ашықтығына мүмкіндік береді.

         Сот саласында жасалынған  жаңалықтардың   барлығы  халықтың игілігіне  қызмет  етуде.

М.Жугунисова,

Қызылорда қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған

сотының жетекші маманы  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<