Шекарашылар «Қазақ солдаты» романын оқыды

4140

0

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаментінде облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ солдаты» романын талдау бойынша әскери-патриоттық дәріс өтті. Іс-шара Ғ.Мүсіреповтің 120 жылдығы аясында және 7 мамыр –Отан қорғаушылар күнімен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған.

Қоғам және мемлекет қайраткері, белгілі жазушы, драматург, академик, сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің қазақ әдебиетіндегі тұңғыш әскери романы «Қазақ солдаты» – талай жауынгердің рухын жанып, намысын қайраған кесек туынды. Ал романды бүгінгі заман жауынгерлерінің білуі – бұлжымас шарт.

Шараны ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бастығы Бауыржан Абсаматов ашып беріп, аталмыш көркем шығарманың әскерилер өміріндегі мән-маңыздылығана тоқталып өтті. Облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Айдана Махамбет шараның идеологиялық маңыздылығы жағына назар аударып, жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Шекарашылар «Қазақ солдаты» романын оқыды

Бұдан әрі орталықтың мемлекеттік тіл оқытушысы Әсел Бахытова дәріс өткізіп, ең алдымен, жазушының өмірі мен қызмет жолына қысқаша тоқталып өтті. Бұдан әрі шығарманың жазылу тарихы, негізгі мазмұнына шолу жасады. Шығармада көтерілген басты 3 мәселеге қатысты және кейіпкерлеріне блиц-cауалнама негізінде талдау жасалды. Сонымен бірге көркем туындыда кездесетін архаизмдерге тілдік талдау жасалды. Соңында туындының бүгінгі күнмен байланысы мәселесі және өзектілігі төңірегінде пікір алмасу болды.

Дәріс соңында шекара қызметкеріне орталықтың атынан үздік қатысушыларға арнайы Дипломдар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, шара департамент қызметкерлеріне орталықтың ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» курсы аясында өткізіліп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<