Мемлекеттік қызмет – жауапты міндет

1488

0

Бүгінгі мақаламыздың негізгі мақсатын мемлекеттік қызмет ұғымын түсіндіруге бағыттап отырмын.

Сонымен, мемлекеттік қызмет – бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің біртүрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.

Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз.

Осы ретте, мемлекеттік лауазым, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, лауазымды тұлға қызметтерінің мазмұнын ашып өтейін.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі;

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Лауазымды тұлға – ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша үкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкім берушілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындайтын адам. Лауазымдық өкілеттік – заңдарда белгіленген құқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретіні нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген өкілеттік.

Сонымен, мемлекеттік қызметтегі қызметшілердің ақы төленетін лауазымдарға ие болуына қарай, мынадай әр түрлі лауазымдық функцияларды жүзеге асырады, олар:

  • басқарушылық (орган, мекеме және т.б. басшылары);
  • құқық қолданушылық (IIO қызметкерлері және т.б.);
  • әлеуметтік-мәдени (оқытушылар, дәрігерлер және т.б.).

Мемлекеттік қызметтің материалдық игіліктерді өндіруден, кәсіпкерліктен және басқа да еңбек қызметтерінен айырмашылығы – қызметші еңбегінің заты болып ақпарат саналады. Олар нақты материалдық құндылықтарды жасамайды, бірақ олардың қамтамасыздандырылуына қажетті жағдайларды жасайды.

Сонымен, мемлекеттік қызмет мемлекет пен азаматтың арасындағы қатынасты байланыстырушы звено болып саналады. Мемлекеттік қызметтің міндеттерінің ішінде, негізгі болып, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, азаматтық қоғам негіздерін нығайту саналады.

Жоғарыдағы ақпаратты ұсына отырып, мемлекеттік қызметті кімдер жүзеге асыратындағы туралы ақпарат ұсына алдым деп ойлаймын.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметтің құқықтық негізі, түрлері, және негізі ұстанымдары дегенміз деген сауалдарға қысқаша тоқталып өткенді жөн көріп отырмын.

Сонымен, мемлекеттік қызмет, қызметке кірудің және өткерудің жағдайы мен тәртібін, қызметшілерді ынталандыру шаралары мен жауаптылық шараларын, қызметтік қатынастарды аяқтаудың негіздерін реттейтін мемлекеттік қызмет институтын құрайды. Мемлекеттік қызмет институты салааралық сипатта болып саналады. Оған конституциялық, әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржылық және басқа да құқық салаларының нормалары кіреді. Ал, мемлекеттік қызметтің түрлеріне мемлекеттік басқару саласындағы заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтары жатқызылған. Билік тармақтарына бөлу ұстанымына байланысты, мемлекеттік қызмет, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі органдарындағы және басқа да мемлекеттік органдардағы (прокуратура) қызмет болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызметтің әр түрлі аялары мен салаларына байланысты мемлекеттік қызмет әскери, ішкі істер органдарындағы, қаржы полициясы органдары, кеден және салық және т.б. қызметтерге бөлінеді.

Жоғарыда атап өткенімдей, мемлекеттік қызметтік ұстаным түсінгі туралы да айта кетейін. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыруға негіз болатын идеялар түсініледі. Ұстанымдар мемлекеттік қызметті реттейтін заңдарда белгіленеді, олардың негізгісі болып Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» болып табылады.

Жасұлан ШЫНТАСОВ,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<