Бүгін ел тыныштығын кірпік қақпай күзетіп жүрген тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерін атап өтуде.
Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс – шаралар еліміздің барлық өңірлерінде атап өтілуде. Атаулы мерекені Сыр елінің сақшылары да жоғары деңгейде өткізді.
Қай кезеңде болмасын бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен айбынды полиция қызметкерлеріне құрмет көрсету күні болып саналатыны анық.
Ел қорғаны, тәртіп сақшысы, еліне, жеріне адал қызмет атқарып мәңгілік сапарға аттанған полиция қызметкерлерінің ерліктеріне бас иіп, 1 минут үнсіздікпен қызмет бабында қаза болған қызметкерлерді еске алу рәсімі өтті.
Сонан соң Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ахметжанов Марат Мұратұлының құттықтау лебізі бейне – үндеуі арқылы көрсетілді.
Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында Ішкі істер министрінің бұйрығымен 21 қызметкер марапатталып, 7 қызметкер кезекті және мерзімінен бұрын шендерін алды.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» полиция полковнигі Жамал-ад-Дин Назарбек төсбелгісімен, ҚР ІІМ грамотасымен полиция майоры Жалгасбаев Нагашыбай марапатталды.
Бүгінгі мерекелік шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы ішкі істер органдарының ардагерлерін және жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.
«Атаулы мереке қарсаңында ардагерлерді және жеке құрамды Қазақстан полициясының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел қорғандары болған тәртіп сақшыларына және олардың отбасыларына құт – береке, зор денсаулық, амандық тілеймін!» деген ақ жарма тілегін айтты.
Сонан соң, Департамен бастығы «Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық кітабын» ардагерлерге табыстап, жеке құрам қызметкерлерін марапаттады.
Департамент бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің 269 қызметкері мен 32 ардагері, «Қазақстан Полициясына 30 жыл медалімен» 360 қызметкер және 224 ардагерлер марапатталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында абыройлы қызмет етіп жүрген полиция қызметкерлеріне арнап Облыстық филармонияның әншілері өнер көрсетті. Концертте полиция қызметкерлерінің өнерлері де тамашаланды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<