Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына көлік сыйлады (видео)

357

0

Фото: ашық дереккөз

16 жасында тұрмысқа шыққан қызының үлкен тойына қатысқан әнші Абай Бегей қызына тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қызын әлі күнге дейін жат ұяға қимайтынын жасырмады. 

“Өткенің көз алдымда, балдырған қызым. Білмеймін, бере алдым ба әкелік жан жылуын. Мұстафа балам, қызым саған аманат. Маңызды күніңде жаныңнан табылып, қуанышыңа ортақ болғым келді. Мен саған ризамын, қызым. Сенің қуанышыңа арнайы тосынсыйым бар. Сен дайын болсаң…», – деген видеоқұттықтаудан кейін Сымбатқа су жаңа көліктің кілті табысталды. 

Әкесінен қымбат сыйлықты күтпеген қызы көз жасына ерік беріп, әкесіне алғыс білдірді. 

“Видео сөйлесін. Эмоциямды айттып жеткізе алмаймын. Отбасыма шексіз рахмет», – деп жазды әншінің қызы. 

Еске салайық, өнер иесі қызын алып қашып кеткеннен кейін, қызының құдалығына қатыспады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<