Абай Бегейдің ортаншы қызы ерекше жаңалығымен таңғалдырды

293

0

Фото: symbatabaikyzy инстаграм парақшасынан

Қазақстанға танымал әнші Абай Бегейдің шаңырағында жақында ұлан асыр той болмақ. Мұндай ерекше жаңалықты әлеуметтік желіге белгілі блогер dostaniya_official жариялады. Аяқ асты мұндай жаңалық боларын білмеген екі әулет мүшелері таңданыстарын оқырмандарымен бөлісті, – деп хабарлайды Syrboyi_kz ақпараттық агенттігі.

«ОНА СКАЗАЛА «ДА» 💍! Біздің шаңырақта үлкен той. Қайным мен Симби 1 жылдан бері қыз-жігіт болып жүріп, бүгін міне үйленуге сөз салды. Біздер үшін де шок жаңалық. Бәрі де бір Алланың қалауымен! Ақ тілектеріңізге Алла разы болсын. Баршаңызға жұғысты болсын! Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты…».

Ал Сымбаттың әпкесі блогер Ерке Ниязқұлова:

«Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір ақ күн қалғанда, “үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті” деген хабар жетті. Барлығымыз Алматыдамыз. Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік. НЕ ҮШІН? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды.
Әкесі: “Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін” – деді.
Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп, әкемнің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкем де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, “Келген ел – көрегенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен, қызымның таңдауын құрметтеймін! Алла маңдайына жазып тұрса, бағы болсын!“- деп, ақ батасын берді. “Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету”- демекші, осылайша Табынай ауылы Бегей ауылының қызын алғалы отыр» – деп жазды.

Әлеуметтік желіде оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі қуанышқа ортақтасып, ақ тілегін жаудырса, енді бірі қарсы пікірлерін айтуда.

«Неге сонша мәз бәрі қыздың жас өмірі күйеуіне, ата-енеге қызмет етумен өтетін болды ғой, балалықпен бара жатыр ғой неге бір басу айтатын тоқтататын адам табылмады ма?»
«Біреудің ыдысын, үйдің шаруасын жасауға неге асықтың? Оданда әкеңе еркелеп, оқу оқып, кыдырып жүргенге не жетсін? Бақытты бол әрине»
«Жаксы жерге келін болып түсіп жатыр ғой. Неге шулап отырсыздар окымады, токымады деп ата – енесі өте керемет кисилер екенін корип жүрміз ғой. Бакытты болсын ең бастысы»
«Бақытты құтты шаңырақ болсын»
«Қуаныштымыз, жастар бакытты болсын»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<