Абай болыңыз: желіде сауалнамадан өткен кезде нені есте сақтаған жөн?

839

0

Facebook әлеуметтік желісінде пайдаланушыларға ақша үшін сауалнама жүргізу ұсынылатын хабарлама тара луда. Бұл сіздің банктік шотыңызды айтарлықтай « жеңілдететін » онлайн-алаяқтықтың бір түрі, деп ескертеді Fingramota.kz.

Атап айтқанда, Facebook мессенджерінде пайдаланушыларға сауалнамадан өту және 100 мың теңге алу ұсынылатын хабарлама таралуда. Сілтеме бұл интерактивті форматта ұсынылған сауалнамасы бар бір парақтық квиз-сайтқа әкеледі. Пайдаланушыға бар-жоғы төрт қарапайым сұраққа жауап беріп, өз сыйлығын таңдап, тапқан ақшасын алу ғана қажет. Ал енді назар аударыңыз, сауалнама Цукерберг негізін қалаған әлеуметтік желінің 20 жылдығына орай өткізіледі!

Қырағы пайдаланушылар «гуглдеп» Гарвард университеті студенттерінің өзара қарым-қатынасы үшін құрылған сайт ретіндегі Facebook- тің құрылған күні 2004 жылдың 4 ақпаны екенін анықтайды. Сонда танымал әлеуметтік желінің 20 жылдық мерейтойына дейін әлі үш жыл бар. Алайда, оған барлық пайдаланушылар мән бермейді, олардың басым көпшілігі ақпаратты тексеруге ерініп, сұрақтарға жауап бере отырып, бақтарын сынайды. Осыдан кейін парақта сыйлық қорапшалары пайда болады, олардың арасында сіз өзіңіздікін таңдауыңыз керек. Әрине, олардың кез келгенін басу арқылы пайдаланушы дұрыс таңдау жасайды және оның «кездейсоқ» ұтысы 100 мың теңгені құрайды. Алайда, мұндай «жолы болғандар» қаражатты «шығару» үшін алаяқтарға құпия ақпаратты: өзінің аты-жөнін, ЖСН, картасының деректемелерін, әсіресе «пластиктің» артқы бетіндегі үш таңбалы кодты жария етсе немесе «ұйымдастырушылардың» шотына, өкінішке орай, қайтарылмайтын «салық» түріндегі белгілі бір ақша сомасын аударса, сандары соғып қаулары әбден ықтимал.

Жалған сауалнаманы шынайы сауалнамадан қалай айыруға болады?

1. Шынайы маркетингтік сауалнамалар тегін, ал алаяқтық сауалнамаларда пайдаланушыларға сыйақыны алып кету үшін ақысын төлеуді ұсынады.

2. Жалған сауалнамаларда пайдаланушылардан картасының деректемелерін және өзге де дербес деректерін көрсетуін сұрайды.

3. Алаяқтар сауалнамадан барлық ниет білдіргендердің өтуін сұрайды, ал маркетингтік компаниялардың белгілі бір нысаналы топтары бар.

4. Алаяқтар ақылы сауалнамаларды тұрақты түрде өткізіп тұрады, ал шынайы сауалнамалар, негізінен, бір рет өтетін науқан түрінде болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<