Елімізде көлік саны жылдан жылға көбейіп келеді. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылар саны да артқан.
Көшелер мен жолдардағы жағдай уақыт өткен сайын күрделеніп барады. Жол-көлік оқиғаларының қаупі күшейе түсуде.
Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің көшелер мен жолдарда тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себеб, мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін жетік білмейді. Осы мақсатта «Абайлаңдар, балалар!» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шаралар өткізілді.
Айдос ПРЕЖЕКЕНОВ,
Қызылорда қаласы полиция басқармасы
Ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы





