Бүгін түнде Ресей Федерациясының Истра қаласында уақытша қамау изоляторынан бес адам қашып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғау органдарындағы мәлімет берушінің айтуынша, қашқындардың бірі «Мясная империя» компаниясының қожайыны Владимир Маруговтың өліміне айыпталған Александр Мавриди. Қашып кеткендер арасында Иван Цуркану, Александр Бутнару, Денис Грозаву және Николай Тетеря есімдері бар.
Мәлімет берушінің айтуынша, айыпталушылар тұтқындау камерасында тамақ берілетін тартпаны сындырып, құлыпты ашқан соң, артқы есіктен шығып қашып кеткен. Полицейлер зардап шекпеген, қашқындардың қолында қару болмаған. Мәскеу облысы прокуратурасының өкілі Наталия Григорьеваның айтуынша, тексеру барысында Истра қалалық прокуратурасы түрмеден қашудың себептері мен мән-жайларын анықтап, сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға берілмек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<