Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай , ЗК-169/1мекемесінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен қызметкерлері арасында бірінші рет «Абай жаққан бір сәуле» атты сайыс өтті.
Сайысқа мекеме қызметкерлерінен құралған «Кемеңгер» және «Ақыл-ой» командалары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру.
Байқаудың ережесі бойынша сайыс 5 кезеңнен тұрды. Қатысушы командаларды облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы Ә.Бахытова, ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде іс жүргізушісі Д.Достанова бағалады. Сайыс қорытындысымен екі команда тең түсті. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, арнайы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ көрермендер арасынан өз өнерімен көзге түскен белсенді қатысушыларға Тіл орталығынан арнайы кітаптар сыйға тартты.
Д.Достанова,
Қызылорда облысы бойынша
ҚАЖ департаментінің
Мемлекеттік тілде іс жүргізушісі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<