ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінде жеке құрам арасында зиянды әдеттерге тәуелділіктің алдын-алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Аддиктивті мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында медициналық -психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Ж. Бегманова семинар ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Қызылорда облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының дәрігер мамандары Жоламанов Дәулет пен Маханбетова Зәуреш және облыстық наркология орталығының дәрігері Жолдыбекова Нұрсұлу мен психолог Әлібекова Гүлнар қатысты.
Семинар барысында бас құтқарушы-психолог Ж. Бегманова жеке құрамға тәуелділіктің пайда болу себептері мен түрлерін түсіндірді.
Сонымен қатар, мамандар қызметкерлерге тақырып бойынша дәріс оқып, кеңе беріп, психологиялық жаттығулар өткізді. Темекінің зияны туралы бейнеролик көрсетіліп, жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Құтқарушылардың ұялы телефонға тәуелділігін анықтау үшін анонимді тест алынды.
Семинар соңында жасақ қызметкерлері арнайы шақырылған қонақтарға алғыс білдірді.
Жанар Бегманова
ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы- психологы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<