Адвокаттар тапшылығы жойылады

357

0

2018 жылдың 10 шілдесінде Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға қол қойды. Бұл заң бүгінде күшіне енді.

Бұл Заңның жобасын әзірлеу мақсаты адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіру болып табылды.

Аталған заңның жобасы 2017-2022 жылдар кезеңіне арналған құқықтық сауаттандыру саласын жетілдіру бойынша тұжырымдаманы іске асыру бойынша және 2017 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша кеңестің тапсырмасына сәйкес әзірленген.

Заң 4 бөлімнен, 7-тараудан, 98-баптан тұрады.

Бұл жаңа қабылданған Заңда азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға және мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шаралар көзделіп отыр.

Еліміздегі адвокаттардың бірден бір жетіспеушілігінің себебі өз кезегінде үміткерлердің адвокаттар алқасының мүшелігіне кіру үшін кіру жарнасының көлемінің ауырлығына байланысты болған,  Заңмен бұл мүліктік кедергіні алып тастау адвокат мамандығына қол жетімділігін, тиісінше адвокаттар арасындағы бәсекенің көтерілуін және адвокаттардың қатарына жас заңгерлердің қосылуын қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі күні республика бойынша 4 683 адвокат бар, яғни бұл нақты адвокаттар алқасына кірген тұлғалар саны,  яғни 3900 адамға 1 адвокаттан келіп отыр.

Ал Қызылорда облысы бойынша қазіргі таңда 114 адвокат бар, яғни 6901 адамға 1 адвокаттан келіп отыр.

Мысалы, Германияда 500 адамға шамамен 1 адвокаттан, Францияда 1200 адамға 1 адвокаттан келіп отыр. Соңғы 4 жылда не бәрі адвокаттар саны республика бойынша 300 адамға ғана көбейген. Аталған сандық көрсеткіш адвокат қызметіне тапшылықтың бар екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда соттарда азаматтың мүддесін заң білімі бар кез-келген адам білдіре алады.

Алайда осындай көмек сапасыз көрсетілген жағдайда азаматтар өз құқықтарын қорғай алмайды. Осыған байланысты Заңда соттарда өкілдік ететін жеке тұлғалардың заң консультанттары палаталарына міндетті түрде мүшеліккте болуы қарастырылған. Бұл заң көмегінің сапасын арттыруға негіз болары сөзсіз!

Осыған орай, заң көмегін көрсететін субъектілердің жауапкершілігін көтеру мақсатында сапасыз заң көмегін көрсеткені үшін оларды жауапкершілікке тарту тәртібі заңда қайта қарастырылды.

Заңмен құрамында 6 адвокат, қоғамның 3 өкілі және отставкадағы 2 судья бар тәртіптік комиссиялардың екі деңгейлі жүйесі көзделген, бұл азаматтардың шағымдарын объективті және жан-жақты қарастыруды, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етеді.

2020 жылдан бастап адвокаттардың, заң консультанттарының кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру енгізіледі, бұл сенім білдірушілерге білікті заң көмегін алуға және сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда келтірілген зиянды өтеуге кепілдік береді.

Адвокатураның сапалы құрамын жақсарту мақсатында Заң нормаларымен адвокаттардың жыл сайын біліктілігін міндетті арттыру механизмі көзделген, бұл нәтижесінде адвокатпен көрсетілетін қызметтердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға себеп болады.

Заңмен әлеуметтік және қаржылық қиын жағдайдағы азаматтар үшін адвокаттан немесе заң консультанттарынан, өзінің құқықтық жағдайын толық сүйемелдеумен ақысыз заң көмегін алу көзделген халықты хабардар ету және әділ баға қалыптастыру  мақсатында, адвокаттың және заң консультанттарының қызметіне (қызмет түрлері бойынша) төленетін орташа ақы енгізу көзделген. 

Осы акпарат адвокаттар алқаларының және заң консультанттары палаталарының сайттарында ашық қол жеткізуге орналастырылады, бұл азаматтарға қызметтің орташа бағасын  анықтауға және оны асырып көтермелеуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңнама тұрғысынан жеке тәжірибемен айналысатын заңгерлердің құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттері бекітіледі.

Сондықтан, сотта азаматтардың мүддесін білдіретін тұлғалар үшін заң консультанттар палатасының мүшесі болу міндеті көзделген, бұл сөзсіз Қазақстандағы заң қызметтерін көрсету нарығының дамуына, заң көмегінің сапасын және бәсекеге кабілеттілігін көтеруге себеп болады.

Бұдан басқа, адвокаттар және заң консультаттар палаталарымен, мемлекетпен қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік беретін заң көмегі ақпараттық жүйесін енгізу арқылы адвокаттар мен заң консультанттарының қызметін автоматтандыру және оңтайландыру ұсынылған. Заңның негізгі мақсаты заң көмегінің ашықтығын, әділдігін және сапасын көтеру болып табылатын бірқатар басқа да жаңашылдықтарды қамтитынын атап өткен жөн. Жалпы айтқанда Заң нормалары халыққа жоғары біліктілігі бар мамандармен сапалы және қол жетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған.

А.Косбергенова,

 Қызылорда облысының

 Әділет Департаментінің

бөлімінің басшысы,

ҚР Заңгерлер Одағының мүшесі.

 

   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<