27 мамыр Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып оқитын балалар әдебиеті жанрындағы Халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық иесі Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» кітабы бойынша шолу онлайн форматта ұйымдастырылады.
Шараның мақсаты: балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгерлер Марат Қабанбаевтың шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау. Шара барысында жазушының қысқаша өмірбаяны мен «Жиһанкез Тити» әңгімесіне шолу жасалады. Шығармада қаламгер балалардың тыныс-тіршілігін қанық бояулармен әдемі суреттеген.


Жастар арасында ақынның шығармашылығына деген қызығушылықты насихаттау, сонымен қатар патриоттық сезім мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында – 28 мамыр күні ұлы композитор, ағартушы және ойшыл, ақын Абайды еске алуға арналған «Адамзаттың шамшырағы – Абай» атты Абай оқуларынан онлайн-поэзия кеші өткізіледі.
Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары Абайдың мұрасынан білім, ғылым, өнер, махаббат, адамдық туралы өлеңдерін оқып, Абай шығармашылығын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттап, жастарды ұлт руханиятына тәрбиелеудің, ұлттың тілі мен ділін оятудың бірден бір құралы екеніндігі туралы ой қозғайды.





