Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалар және Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын түсіндіру бағытында «Zoom» платформасы арқылы онлайн семинар кеңес өткізді. Онлайн жиында қолданыстағы заң нормалары бойынша баяндама жасалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің хатшысы Берікбол Ұзақұлы Байқожаев және осы Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Нұржан Қалдыбекұлы Сүлейменов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғман Үсенұлы Жакудаев, «Ақмешіт адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Бектайұлы Түсмағанбетов қатысып, баяндамалар жасап, семинарға қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Хамит Тарбақов,
Әдеп жөніндегі уәкіл
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<