Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.
Мемлекет басшысының бюрократиядан арылу жөніндегі Жарлыққа қол қоюы «мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – халыққа адал қызмет етуі» деген мәселені ашық айқындап берді.
Елімізде мемлекеттік қызмет атқаратын мамандардың, әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметкердің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметкерлер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек.
Мемлекеттік қызметкер әдебі – кәсіби этиканың бір түрі ретінде, мемлекеттік қызметтегі адамның қатынастарының белгілі бір түрін белгілейтін моральдық-адамгершілік нормалар жүйесі. Ол шенеуніктің адамгершілік мәніне қарай, оның мемлекетпен, мемлекеттік қызметкерлерімен, азаматтық қоғаммен қарым-қатынасының сипатына қойылатын моральдық талаптарды білдіретін принциптерді, ережелер мен нормаларды қамтиды. Мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінің басты міндеттері:
▪ Қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету;
▪ Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
▪ Қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу;
▪ Жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу.
Мемлекеттік қызметкерлерге арналған Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебін стандарттауға және кішіпейіл мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдебі туралы 6 қағида негізделген. Олар адал ниет, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, бағдарлану тарауларынан қалыптасқан.
Жалпы алғанда әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілеуге бағытталған және мемлекеттік қызметкерлердің бойында моральдық-адамгершілік қасиеттерді орнықтырудың негізі болып табылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға және басшылар қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде мекендес, туыстық және жеке басына берілген белгілері бойынша артықшылықтарды көрсетпеуге тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын «әдеп жөніндегі уәкіл» болып табылады. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші. Қысқаша айтқанда ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды бақылап, бағыт-бағдар беруші деп айтуға болады.
Әдеп жөніндегі уәкіл жұмысының маңызды бағытының бірі – ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайды анонимді сауалнама арқылы зерделеу. 2023 жылы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері арасында тұрақты түрде ішкі әлеуметтік зерттеу мақсатында ананимді анкеталық сауалнама алынып, қызметшілерге қолайлы моральдық-психологиялық климат қалыптастырылуда.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің алдында тұрған тағы бір маңызды міндеттердің бірі – ол ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Осы мақсатта өткен жылы жүйелі түрде ұжым қызметкерлеріне әр бір мемлекеттік аудит іс-шарлары басталар алдында іс шараға жауапты комиссия мүшелері мен бөлім басшыларының қатысуымен бюджет, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамалары талаптары, әдеп нормаларын түсіндіру мақсатында, мемлекеттік қызметшілерге арналған 19 рет құқықтық оқытулар ұйымдастырылды. Аудандарға шығу арқылы 2 рет аудит объектілері мамандары мен аудиторлардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының KYZYLORDA-NEWS. KZ электрондық газет сайтына 2023 жылдың 15 ақпанында №21 нөмірде «Мемлекеттік қызметкердің әдеп сақтауы басты құндылық» атты мақалам жарияланды. Арал қаласында 2023 жылдың қыркүйек айында жеке қабылдау жүргізіл, бірқатар мәселелерге жауап берілді.
Қорытындылай келе айтарым, мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі олардың қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау. Парасаттылық және адалдық сияқты тәртіптік әдеп стандарттарын сақтай отырып өз ұйымының беделін түсірмеуі қажет екендігін көрсететін әрекеттері, қылықтары және жүріс тұрысы мемлекеттік қызметші деген атаққа кір келтірмеуі, үлгілі мінез-құлқы ізеттілік пен адалдықтың маңызды көрінісі болып саналады.
Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтап, оны мүлтіксіз орындау әрбір адамның қоғамдағы жауапкершілігі мен міндеті деп санаймын.
Бауыржан Пшанов,
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі,
әдеп жөніндегі уәкіл






