Әділет департаменті 6 айды қорытындылады

165

0

Әділет органдарымен мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі.  Биыл облыс бойынша 46 заңды тұлға тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайған. Жалпы тіркеу алымы ретінде мемлекеттік бюджетке 2 420 652 теңге түсірілді.

Азаматтық хал актілерін  тіркеуді және апостильдеуді қамтамасыз ету бағыттары бойынша Әділет департаменті АХАТ мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етеді. Әділет департаменті ресми құжаттарға апостиль қою жұмыстарын «электрондық үкімет» порталы арқылы да жүргізеді. Осы аталған мемлекеттік қызмет бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева айтты.

– Әділет департаментінің негізгі міндеттерінің бірі – заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жартыжылдық көлемінде 81 ақпараттық  шара ұйымдастырылды. Әділет департаменті контрафактілік өнімдерді болдырмауға қатысты кәсіпкерлер мен халық арасында түсіндірме жүргізу жұмысына баса назар аударуда. Қазіргі таңда атқарушылық құжаттардың едәуір бөлігі жеке негізде орындалуда. Алимент өндіру санатында 13 908 атқарушылық құжаттар орындауда болып, есепті кезеңде 1 322 құжат аяқталған. Атап айтар болсақ, Әділет департаменті, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, прокуратура органдары, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 5 мәрте «Бос орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде берешек қарызы қалыптасқан 91 борышкер тұрақты жұмысқа орналастырылды, – деді ол.

Департамент басшысының айтуынша, алимент төлеуден жалтарып жүрген 181 борышкер сот қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 28 борышкерге қатысты ұсыныс енгізілген. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі және БАҚ өкілдерімен бірлесіп рейд ұйымдастырылып, 3 автокөлік қамауға алынды. Қазақстанда робот сот орындаушысы іске қосылды. ҚР Әділет министрлігі Республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, Тараз қаласында оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда, айыппұлдың 25%-ға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<