Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері

1065

0

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім саласы қызметкерлерінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған «Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтерінің тәжірибесін жетілдіруменкәсіби құзыреттіліктерін арттыру жолдарын қарастыру мақсатында өткізілген семинар жұмысына 50-ге жуық педагог қатысты.

Семинар барысында «Интерактивті тапсырма көмегімен оқу ортасын құру», «Особенности и возможности организации методической работы в организациях образования», «Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері», «Мамандық бойынша цифрлық қолжетімділікті қалыптастыру», «Техникалық және кәсіптік білім беру орындарындағы білім алушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудағы жобалап оқыту технологиясының рөлі», «Методы и приемы активизации познавательной деятельности на уроках русского языка и литературы» тақырыптарында тәжірибелер туралы баяндамалар тыңдалып, педагогтердің тәжірибесін жетілдіру бағытында шебер-сынып өткізілді.

Семинардың соңында қатысушыларға бірыңғай үлгідегі сертификат, үздік жұмыс көрсеткен педагогтергеАлғыс хаттар табыс етілді.

Оразбай Орманов,

«Өрлеу» Қызылорда облысы

 бойынша филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<