ҚР Білім және ғылым министрі Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарға шағын зерттеу жасады.
Зерттеу нітижелерін бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram парақшасында жариялады. Сонымен:
1. Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер.
2. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды.
3. Әйел мұғалімдер туралы. Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық.
4. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сарапшыларының айтуынша, көптеген елде әйел мұғалімдер ер мұғалімдерге қарағанда мамандық таңдауды саналы түрде жасаған. Мысалы, қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.
5. Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті «бұзды». PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.
6. Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.
7. Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:
1. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;
2. Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 71%;
3. Педагогикалық ғылымдар – 70%;
4. Жаратылыстану, математика және статистика – 68%.
Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді:
1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;
2. Бизнес, менеджмент және құқық – 48%.
Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:
1. Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;
2. АКТ – 30%;
3. Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<