Әйелдер форумы өтті

512

0

Сурет Шиелі ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасы

Биыл 95 жылдығын тойлаған Шиелі ауданы – бақ пен қыдыр қонған, ырысы мен берекесі тасыған, қаншама батырлар мен Еңбек Ерлерін дүниеге әкелген киелі мекен. Берекелі бірлік пен тынымсыз тірліктің арқасында ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаев, Ұлбала, Закира, Шырынкүл, Айша, Жадыра сынды жұлдызды аналарымыз – өскелең ұрпаққа үлгі өнеге. Форумның негізгі мақсаты ауылдық аумақтарды дамыту, қоғамдағы әйел ролінің маңызын дәріптеу, ауыл әйелдерінің мәртебесін арттыру және қоғамдағы рөлін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Форумға батыр аналар, аудандарда әр салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Алмат Алдабергенов, облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі уәкілі Жұмашева Гүлнар Хамзақызы, Қызылорда облысы бойынша Әйелдер Күші Альянсының төрайымы Ахметова Рахима Қаржаубайқызы, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансұрқызы арнайы қатысып, бірқатар әйел-аналарды Алғыс хатпен марапаттады.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел-аналардың орны тек шаңырағында деген түсініктің аясын кеңейткен форумда ауданымыздың мәдениеті мен тарихын қадірлеп, әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік саясаттың жоғарғы деңгейде жүзеге асуына үлес қосып жүрген ақжаулықты аналарымыз мен қыз келіншектер марапат төрінен көрінді.

Әйелдер форумы өтті
Әйелдер форумы өтті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<