Әйелдер – өмірдің өзегі

1191

0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Шараға департаменттің жеке құрамында қызмет ететін нәзік жандылар мен ҚАЖД әйел-ардагерлері және БАҚ өкілдері арнайы шақырылды. Салтанатты шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Есенкелдиев ашып, құттықтады.

— «Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен алғыс айтсақ та, аз емес . Қылмыстық атқару жүйесінің дамуында баршаңыздың еселі еңбектеріңізбен қажырлы қайраттарыңыз бар. Отбасымен қатар қоғамның дамуына үлесін қосып келесіздер. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демекші, ұлтымыздың ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын, — деді департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы.

Мерекелік шарада ҚР Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың құттықтау жеделхаты оқылып, өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, жақсы жетістіктерге қол жеткізген департаменттің бір топ қыз-келіншектерімен сала ардагерлеріне табыс етілді.

Қазақстан Ішкі істер министрінің, ҚАЖ комитетінің және ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен медалдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтсақ ҚР ІІМ-нің «Ішкі істер органдарының ардагері» медалімен 25 жыл ҚАЖ саласында үздіксіз қызмет атқарған ҚАЖД арнайы есепке алу тобының бас маманы әділет майоры Ш.Абдиева, «Қылмыстық- атқару жүйесінің үздігі» медалімен ҚАЖД пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы әділет майоры С.Тлеуова және ЗК-169/1 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Ф.Сембаева награтталса, ҚР ІІМ-нің грамотасымен ҚАЖ департаменті Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы әділет майоры Б.Абилова, ҚРІІМ ҚАЖ комитетінің грамотасымен ҚАЖД кадр саясаты тобының бас маманы әділет подполковнигі А.Абжалиева марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы әкімінің Алғыс хатын бірқатар қызметкерлер иеленді. Департаментпер бірлесіп жұмыс істеп жүрген мекеме мамандарын да құттықтады.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<