Бұқаралық спорт қозғалысын кеңейтуге, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде елімізде бұл сала кеңінен дамып келеді.
Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әркез Жолдауына арқау етіп жүр. Президент өз сөзінде саланы дамыту үшін демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін де атап өтті. Сондай-ақ бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез жеткеніне тоқталды. «Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады» деді Мемлекет басшысы. Қай салада болмасын, қолға алынған реформа сол саланың алға басуына бағытталатыны сөзсіз.
Республикалық форум алдында жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап брифинг берген облыстық филиал төрағасы келелі басқосудың мән-маңызына тоқталды.
– Әкелер институтын, жалпыұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған форум екі күнге жоспарлануда. Бағдарлама бойынша бірінші күні келген қонақтарды күтіп алып, Сыр елінің көрікті жерлері мен мәдени-рухани нысандармен таныстырамыз. Қарашаның алғашқы күнінде форум өзінің негізгі жұмысына кіріседі. Онда спикерлер әкенің бүгінгі міндеті, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігі туралы баяндамалар жасайды. Басқосуда жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, келер жылға жоспарымыз да бекітіледі, – деді Е.Ескендір.
Жалпы, Әкелер одағының негізгі мақсаты – отбасы және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ер балалардың болашақ әке ретінде тәрбиеленуіне, әкелердің бала тәрбиесіне араласуына, оқу орындарымен байланыста болуына ықпал жасау. Бірлестікте 5 мыңдай адам бар. Олар түрлі шараларда белсенділік танытып, қоғамда болып жатқан оқиғаларға өзіндік үн қатып келеді. Күні бүгінге дейін әкелер кеңесінің төрағаларымен, мүшелерімен, мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен бірнеше кездесу ұйымдастырылған.
Одақ құрылғалы ауқымды жұмыс атқарылды. Бастапқыда ата-аналардың өмірлік ұстанымын өзгертуге күш салса, кейінгі жылдары бірқатар заңнаманың талабын күшейтуге, оны өзгертуге, толықтыруға ықпал етіп келеді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң қабылдау, жасөспірімдердің вейп шегуіне, 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салуға атсалысты.
Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды. Қазіргі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі әке рөлін әлсіретіп алмаудың маңызы зор. Алайда талбесіктен басталатын тәрбиенің тізгіні кімде? Көп отбасында смартфонға телмірген жаңа ұрпақ өсіп келеді. Сол үшін де бүгінгі ата-ана балаға беретін ізгілік қасиетті алдымен өз бойына дарытып, отбасы құндылығын санасына сіңіруі қажет. Әкелер институтын дамытуда жаңа тәсілдерді насихаттау және қалыптастыруды мақсат тұтқан жиында ауқымды мәселелер сөз болып, ұсыныс-пікірлер сараланбақ. Форум аясында бала тәрбиелеудегі әкенің, отбасының рөлі, ұлттық құндылықтардың мән-маңызы, бала бойындағы қабілетті арттыру тақырыптары да талқыланып, жеке сессиялар ұйымдастырылады.
Айсәуле ҚАРАПАЕВА,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<