Тамыз және қыркүйек айларында әкімдердің рейтингін бағалаудың негізгі көрсеткіштері ауыл шаруашылығы, жылу маусымына дайындық, халықпен ашық диалог, табиғи және техногендік апаттарды жою жұмыстары, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту болды.
Сарапшылардың айтуынша, биыл Қызылорда облысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Оның ішінде инвестиция көлемі 6 пайызға артты. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттермен су ағынының көлемін былтырғымен салыстырғанда ұлғайту, жылу беру маусымына 100 пайыз дайын болу жөнінде келісімге қол жеткізу – Нұрлыбек Нәлібаевтың еңбегі. Мамандар Қызылордада жаңа жылу-электр станциясын салу туралы келісімге келуді де жоғары бағалайды.
Облыста жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл аймақта 347 шақырым жол жөнделді. Сондай-ақ, республикалық жолдардың сапасы бойынша 82 пайызға жеткен.
Қызылорда облысында елімізде жалақының өсімі бойынша көрсеткіш 31,3 пайызды құрайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда екінші жартыжылдықтағы көрсеткіш 24 пайызға артқан.
Нұрлыбек Нәлібаев кәріз құдығына құлаған 2 жасар баланы құтқарып қалған жасөспірімге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сонымен қатар бірнеше ірі жобалардың іргетасын қалады. Атап айтқанда, жаңа «Неке сарайы», «Өнер сарайы», «Қан орталығының» құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл дәстүрлі тамыз кеңесінде облыстың үздік мектебіне 34 млн теңгенің сертификатын берді.
Оған қоса, биыл мектеп түлектеріне облыс әкімінің 100 білім гранты бөлінген болатын. Тамыз айында Президент аймақ басшысын қабылдап, облыстың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<