Әкімінің орынбасары пара алғаны үшін қызметінен кетті

822

0

Талдықорғанда мониторингтік топ мүшелері пара алған әкімнің орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kzzakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы бойынша ДАПК алдын алу және парасаттылық басқармасы хабарлағандай, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасының іс жүргізуінде «Талдықорған кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы мен сол бөлімнің бас маманына қатысты ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2, 4-тармақтарында көзделген пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлімнің басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен стихиялық сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамағаны үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды.

Сондай-ақ жоғарыда аталған пара сомасын берген, бұқаралық іс-шаралар өткізген мейрамханалардың бес әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қылмыстық іс шеңберінде Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Жиынның қорытындысы бойынша алдын алу шаралары мақсатында, сондай-ақ осы бағытта тиісті бақылаудың болмауына байланысты Талдықорған әкімінің орынбасары С. Арзанбекова жұмыстан шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<