Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті тұтынушының жолданымдары негізінде жүргізген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде, «Энергосервис» ЕЖШС тарапынан Кәсіпкерлік кодексінің талабын сақтамау фактісін анықтады.
Кодекстің нормаларына сәйкес, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу тәртібін сақтауға міндетті.
Жеке тұлға электр энергиясын тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдануға өтініш білдірген жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия көлеміне қарай сараланған тарифтерді ескере отырып, тұрмыстық мұқтаждарға тұтынылған электр энергиясы үшін шот береді. Алайда серіктестіктің тұтынушыға өтініш жазбастан 3 деңгейлі сараланған тарифтерді қолдануы баға белгілеу тәртібін сақтамауы болып есептеледі.
Департамент серіктестікке қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 167-бабымен әкімшілік өндірісін қозғап, қоғамдық маңызы бар нарықта баға белгілеу тәртібін сақтау арқылы бұзушылықты жою жөнінде нұсқама енгізді, 738 400 теңге көлемінде салынған айыппұл мемлекеттік бюджетке өндіріліп, нұсқама толығымен орындалды.
Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды
реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<