Перу астанасы Лима қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қызылордалық екі спортшы чемпион атанды. Дүбірлі додада еліміздің атынан тоғыз атлет бақ сынады.
Ұлдар арасында Нұрдос Сабыр (89 келі) қоссайыс қорытындысы бойынша 333 келіні (148+185) еңсерді. Осылайша жерлесіміз өз салмағында алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Былтыр әлем біріншілігінде Нұрдос екінші орынға тұрақтаған еді.
Ал қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта Аянат Жұмағали жеңімпаз болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан оқ бойы озып кетті. Ауыр атлет серпуде 97, жұлқуда 125 келіні көтерді. Ол Жаңақорған ауданындағы №7 спорт мектебінде тәлім алады. Бас бапкері – Берік Өтешов.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<