Әлем жаңалықтары

321

0

Жүк көліктеріне шектеу қойылды

Ресей мен Беларусь шекарасында ЕАЭО басқа елдерінен барған жүк көліктеріне шектеу қойылды.

Енді Қазақстан, Қырғызстан және Армения жүк көліктеріне тек «Езерище – Лобок» учаскесі арқылы өтуге рұқсат етілді.

Бұл туралы Беларусь кеден комитеті хабарлады.

Мұнай өнімдерін импорттауды тоқтатпақ

Ирак Мұнай министрлігінің ресми өкілі Асем Джихад Ирак 2024 жылы мұнай өнімдерін импорттауды толығымен тоқтатуды жоспарлап отырғанын айтты. Trend басылымының мәліметінше, 2024 жылы ел жергілікті өндіріске көбірек сүйенеді.

«Бірқатар мұнай өңдеу зауыттарында өндіріс басталғаннан кейін мұнай өнімдерінің импорты толығымен тоқтағанға дейін төмендейді» деді Джихад.

Қазір Ирак дәлелденген мұнай қорымен (112 миллиард баррель) әлемдегі жетекші мұнай мемлекеттерінің қатарында.

Үлкен қойма өртенді

Санкт-Петербургте Wildberries-тің қоймасы өртенді. Өрт 50 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Бастапқыда шамамен 1000 шаршы метр деп хабарланды. Мәскеу тас жолындағы қойманың жалпы ауданы шамамен  100 мың шаршы метр. Өрт кезінде қоймада қызметкерлер болған, эвакуация уақытында дүрбелең басталған. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт бес балдық шкаланың ішінде төртінші болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Із-түзсіз жоғалып кетті

Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясында көмір шахтасындағы апаттан 61 адам шыға алмай қалып, 14-і із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады.

Оқиға орнында құтқару жұмысы жалғасып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, апатқа желдету жүйесінің сыртқы бөлігіндегі газ бен көмірдің бөлінуі себеп болған.

Қытай билігі оқиғаны тергеп жатыр.

Лай көшкінінің зардабы

Колумбияның солтүстік батысында лай көшкінінен 34 адам опат болды. Ондаған азамат жарақат алды. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін 25 адам ауруханаға жатқызылған. Бұдан бөлек лай көшкіні тас жолды басып, бірнеше көлік бүлінген.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Себебі із-түзсіз жоғалып кеткендер бар.

Ақпарат көздерінен дайындаған

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<