Әлемнің 1-ракеткасының табысы рекордты көлемге жетті

459

0

Әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович Италияның Турин қаласында өткен биылғы жылдың қорытынды турнирінде 4,4 млн доллар көлемінде табыс тапты, деп хабарлайды Kazinform.

ATP Tour мәліметіне қарағанда, сербиялық теннисші биыл жалпы 16 млн доллар олжалады.

Спорттық жолында Н.Джокович тапқан табысын 180,6 млн долларға жеткізді. Бұл – рекордты көрсеткіш.

Туриндегі ATP қорытынды турнирінде Джокович финалда италиялық Янник Синнерді 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Солай, аталмыш жарысты жеті рет ұтқан алғашқы теннисші атанды. Я.Синнер Туринде 2,6 млн доллар табыс тапты. Спорттық жолындағы табысы – 14,9 млн доллар.

Новак Джокович алдағы жылы спорттық жолын жалғастыратынын, «Үлкен дулыға» сынды ірі жарыстарда, сондай-ақ олимпиада ойындарында өнер көрсетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<