Сырдария аудандық мәдениет үйінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай «Әлемнің сыйы әйелдер» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Берік Сарменбаев әйел-аналар мен нәзікжандыларды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Алтын» және «Күміс» алқа иелері атанған аналарға төсбелгі табыстап, бірқатар әйелдерді облыс, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Көктемнің шуақты күніне арналған мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<