Әлемнің ТОП-10 үздік университеті белгілі болды

128

0

Фото: ашық дереккөз

Еуропа және Америка университеттері 2024 жылғы әлем университеттерінің академиялық рейтингінде (ARWU) көш бастап тұр. Гарвард университеті тағы да бірінші орында, деп хабарлайды Euronews.  

2024 жылы Ұлыбритания, Германия, Франция және Швейцария университеттері ARWU бойынша үздік университеттер қатарына енді.

Кембриджде (АҚШ) орналасқан Гарвард университеті 22-ші жыл қатарынан рейтингте бірінші орында тұр.

Үздік «үштікке» сондай-ақ тағы екі америкалық ЖОО — Стэнфорд университеті мен Массачусетс технологиялық институты (MIT) кіріп отыр. 

инфографика
Фото: ARWU 2024

Біріккен Корольдікте орналасқан Кембридж университеті төртінші орында тұр. Оксфорд университеті алтыншы орында.

Дәл осы екі еуропалық университет бірінші «ондыққа» кірді, қалған орындардың барлығы АҚШ оқу орындарының еншісінде қалды.

ARWU рейтингі Шанхай рейтингі деп те аталады, себебі оны Шанхай Цзяо Тонг университетінің Жоғары білім институты жасайды. Үздік университеттер тізімімен жұмыс кезінде академиялық және зерттеу қызметінің көрсеткіштері бағаланады.

Оларға түлектердің Нобель сыйлығы мен Филдс жүлдесі, медальдар сияқты беделді марапат алу сияқты жетістіктері кіреді.

Сондай-ақ жиі сілтеме жасайтын зерттеушілер саны, Nature Science журналдарында жарияланған мақалалар есепке алынады. 

f
Фото: ARWU 2024

Оксфорд және Кембридж университеттерінен өзге, үздік 50 университет қатарына ескі әлемнің басқа ЖОО да кірді. Олардың қатарында Париж-Сакле француз университеті бар. Ол өткен жылмен салыстырғанда үш сатыға жоғарылап, 12-ші орында тұр. 

Цюрих технологиялық институты (Швейцария) әлем бойынша 21-ші орында. Лондон императорлық колледжі 25-ші, ал Копенгаген университеті — 32-ші орында.

100 үздік оқу орындарының ең көбі АҚШ пен Қытайда — сәйкесінше 38 және 14 университет.
Еуропада үздік 100 университеттің ең көбі Ұлыбританияда орналасқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<