Кеше облыс әкімдігінде «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен облыс әкімінің орынбасары Балжан Шәменова кездесіп, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандум әлеуметтік-еңбек саласын одан әрі тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды іске асыруға ықпал ететін тараптардың күш-жігерін біріктіруді көздейді. Бұған қоса қор өз тарапынан әкімдікке, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне және өңірдің ірі өндірістік компанияларының өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақтарға «әлеуметтік тұрақтылық индексін» айқындау жөніндегі тәжірибені таратуға жәрдем көрсетуге және «кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында ұйым көшбасшылары мен келісім комиссияларының өкілдерін оқытуға міндеттеме қабылдады.
Меморандумға қол қою шарасына облыстық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия мүшелері қатысып, пікір алмасты.
Кездесуден кейін қор өкілдері «ҚазГерМұнай», «Қазпошта» мекемелеріне барып, еңбек ахуалын талқылады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<