Әлеуметтік бейімдеу басты назарда

448

0

Қала әкімдігі, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту» орталығы түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіп келеді.

ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерден жазасын толық өтеп шыққан, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған 438 азамат бар. Оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 

Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелерден 85 азаматқа хабарлама түскен. Жергілікті полиция қызметі және учаскелік полиция инспекторлары азаматтардың әлеуметтік жағдайын зерделеп, зерттеу актісін толтырды. Қала әкімінің квотасы бойынша 8 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, бір азамат Enbek.кz электронды биржасы арқылы жұмыспен қамтылды. Тағы бір азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді. Сондай-ақ, екі азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған барлық азаматқа құқықтық-психологиялық көмек берілді. Кәсіп ашуға ниеттенген 10 азамат өтініштері бойынша тіркелді. Ал қайтарымсыз грант алуға 49 азамат тіркелсе, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша оқыған 22 адам сертификат алды. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен 7 мәрте жәрмеңке өткізіліп, нәтижесінде 14 азамат жұмысқа орналасты.

Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа 13 азамат орналастырылды. Одан бөлек құжаттарын рәсімдеу бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 15 азаматқа көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, мәдени-спорттық іс-шаралар, атап айтар болсақ, орталық ғимаратында шахмат, дойбы, гір көтеру, қол күрестен сайыстар өткізілді. Сондай-ақ, И.Ильин саябағында 2 рет шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қалалық прокуратура өкілінің қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді. Жиында пробация қызметінде есепте тұрғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері қаралды.

Раушан НҰРТАЕВА,

орталықтың әлеуметтік жұмыскері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<