Жыл басынан бері қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы мамандары жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұратын 176 азаматқа әлеуметтік-құқықтық, психологиялық көмек көрсетті. Оның 146-сы пробация қызметінің есебінде тұрса, 30-ы жазасын толық өтеген. Жалпы жұмыспен қамтылғаны 31 адам, оның ішінде 15-і квота бойынша, ақылы қоғамдық жұмыспен 15 адам қамтылған. Қайтарымсыз грант алуға 10 азамат тіркеліп, 6 азамат «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша оқу оқып, сертификат алды.
Орталық қызметкерлері жыл басынан белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығына 11 адамды орналастырған. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 5, құжат рәсімдеу бойынша 9 азаматқа көмек көрсетілді. Жағдайы төмен 25 отбасының 15 азаматына азық-түліктей көмек берілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мәдени спорттық іс-шаралар өткізілді. Жарыс қорытындысымен орын алғандарға мақтау қағазы, медаль, бағалы сыйлықтар берілді. Жастар ресурстық орталығының қолдауымен пробация қызметінде есепте тұратын жастарды өз кәсібін бастап жұмыс жасауға ынталандыру мақсатында «Нур и Б» ЖК-нің пластик терезе, жиһаз цехымен таныстырды.
Облыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мемлекеттік мекемелерде «Қақпа алдында кездесу» 5 рет өткізілді.
Ұ.ӘЛСҮГІРОВА,
әлеуметтік қызметкер
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<