Әлеуметтік бейімдеудің маңызы

549

0

Өткен тоқсанда түзеу мекемелерінен жазасын толық өтеп шыққан, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған 91 адам есепке алынып, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді, оның 8-і – әйелдер. 

Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтардың мекен-жайларында болып, олардың туған-туысқандарымен кездесулер өткізіп, 4 адамға зерттеу актісі жасалды.

Жыл басынан бері түзеу мекемелерінен босап шығатын және босатылған 66 азаматқа хабарлама хаттар келіп түсті. Осы хабарламалар бойынша 40 азамат босап шықса, түзеу мекемелерінен босамағандар – 26. Осы азаматтардың үйлеріне барып, жан-жақты зерттеу жүргізіліп, әлеуметтік жағдайы зерделеніп туған-туысқандарынан жазбаша түсініктемелер алынды. Босатылған 40 азаматтың  22-сі пробация қызметі болса, 18-і жазасын толық өтеп шыққан, босап шыққан азаматтардың 2-уі тұрақты жұмысқа орналасты.

Мекеме мамандары жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебінде тұратындарға құқықтық, психологиялық көмек көрсетті.

Жыл басынан бері орталыққа келіп, өз кәсібін ашу үшін таңдаған мамандықтарына сай кәсіби оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға 45 азамат өтініші бойынша тіркелді.             

Қалалық жұмыспен қамту орталығының бастамасымен 3 рет жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыспен қамту орталығының, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының, жұмыс беруші мекемелердің, қалалық пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Нәтижесінде 4 азамат жұмысқа орналасты.

Орталық қызметкерлері жыл басынан өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа 4 адамды орналастырды.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуға 32 азаматқа, жер телімін алуға 2 азаматқа, құжаттарын қайта рәсімдеуге, жеке басын куәландыратын төлқұжатын қайта қалпына келтіруге, тұрғылықты мекен-жайға тіркелуге, автокөлігін есептен шығаруға 15 адамға және жағдайы төмен 1 отбасына азық-түлік жеткізіп көмек көрсетілді.

ЗК-169/5 түзеу мекемесінің спорт залында волейболдан жарыс өткізілді. Жүлделі орын алғандар мақтау қағазымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Түзеу мекемелерінде «Қақпа алдында кездесу» 3 рет өткізілді.

Ұлдана ӘЛСҮГІРОВА,

орталықтың әлеуметтік қызметкері