Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.
Өтінімдерді қабылдау басқарманың интернет-ресурсында жарияланған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш;
2. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3. Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылғы 01 мен 10 наурыз аралығында жұмыс күндері Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, құрылыс 1 мекенжайы бойынша қабылданады. Электрондық пошта мекенжайы: dkb2022@mail.ru.
Анықтама телефоны:
8 (7242) 60-54-08.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<