Фото: ашық дереккөз
Елімізде соңғы төрт аптада (1-28 наурыз) әлеуметтік маңызы бар жеті азық-түлік түрінің бағасы төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Пияздың бағасы ай басынан бері – 2,5%, картоп – 1,1%, сәбіз – 0,1%, сондай-ақ қарақұмық – 4,1%, қант – 9%, күнбағыс майы – 1,2% және тауық еті 0,4%-ға төмендеді.
Ал, наурыз айының соңғы аптасында 20-28 наурыз күндері картопқа 0,7%-ға, пияз, 0,3%-ға ақ қырыққабат 0,1%-ға, қарақұмық жармасы 1,3%-ға, күнбағыс майы 1,1%-ға және түйіршіктелген қант 0,8%-ға арзандаған.
Дегенмен, бірінші сұрыпты бидай ұны және одан жасалған нан, тауық еті, майлылығы 2,5% пастерленген сүт сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құны өзгеріссіз қалды.
Өткен жылы бұл көрсеткіш мүлде басқа болған. Биыл біршама арзандағанын байқауға болады. Былтырғы жылдың азық-түлік бағасын еске түсірейік. Мәселен, айдың соңғы аптасында 24-29 наурыз күндері картоп бірден 2,6%-ға, ал ай басынан бері – 15%-ға, сәбіз – 3,9%-ға қымбат болған. Наурыздың соңғы аптасында қант 1%-ға, ал ай басынан бері 35%-ға қымбаттаған еді. Осылайша, биылғы наурыз айындағы баға өткен жылмен салыстырғанда оң нәтижесін беріп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ақпан айында көкөністерге тауарлық интервенциялар бағасын тұрақтандыруға бағытталған басқа да шаралар басталғанын, бұған дейін қант өнеркәсібіне қолдау көрсететінін мәлімдеген болатын.
Өңірлерде де азық-түліктің арзандағанын байқауға болады. Атап айтқанда, бір аптадан бері картоп өнімі Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қонаев, Қостанай және Қызылорда қалаларында арзандаған. Ал, пияз бен қырыққабаттың бағасы бағасы Астана, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістанда қалаларында төмендеді.
Айта кететін жайт, Премьер-министр Әлихан Смайыловтың наурыз айында Қазақстанда инфляция төмендей бастайды деген болжамы шындыққа айналды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<