Әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлерін қабылдады

291

0

Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі екендігі белгілі. Əсіресе, «əлеуметтік» ұғымымен – қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға əсер ету, қамсыздандыру, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика, қызметкер секілді қатарлас қолданылатын тіркестер құлағымызға сіңісті болып кетті. Десек те, бұлардың бəрінің астарында қоғамда болып жатқан мəселелерге немқұрайлы қарамай, мемлекетіміздің əрбір көмекке мұқтаж жандарына қол ұшын созу жатыр.

Бүгін осы күрделі сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында қала әкімдігінде салтанатты шара өтті.

Сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған қала әкімі Асылбек Шаменов: Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында тіршілік тынысы тарылып, өмірлік қиын жағдайға душар болған азаматтар қажетті қолдау алып, еңсесін тіктеуде. Олардың болашаққа деген үмітін оятып, қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген Сіздердің әрбіріңіз құрметке лайықтысыздар. Бұл ретте, Ұлттық мереке – Республика күнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Құрақбайқызының «Шапағат» медалімен марапатталуы, барша әлеуметтік сала қызметкерлеріне көрсетілген құрметтің нышаны деп білемін.
Әлеуметтік қорғау жүйесі – үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін салмағы ауыр сала.
Кәсібіне адалдықпен, жабыққан тағдырларға жауапкершілікпен қарап, жүрегіне мейірім шуағын ұялатқан сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, тынбай еткен еңбектеріңізге зор ризашылығымды білдіремін,–деді.

Мерекелік қабылдауда шаһар басшысы Асылбек Өмірбекұлы ардагерлерге сый-құрмет көрсетіп, сала үздіктеріне алғыс хаттар табыстады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<